Қала тіршілігі

Қоғамдық кеңістіктер көбейді

Елордамызда бос уақыт пен демалыс үшін жаңа қоғамдық кеңістіктер пайда болуда. Биылғы жылы саябақ және көпір аймақтарын жайластыру бойынша орасан зор жұмыс жүргізілді. Мысалы, Байқоңыр ауданы бойынша Қараөткел көпірінің жанында көлеңкелі перде орнатылған. Елорда тұрғындары мен қонақтары жақын арада Есіл өзенінің жағасында театрландырылған қойылымдар мен шығармашылық концерттерді тамашалай алады.

[smartslider3 slider=553]

Сонымен қатар, Ататүрік саябағында да маңызды жұмыстар жүргізілді. Мұнда тұрғындардың таза ауада жайлы демалуы үшін арнайы гамактар орнатылды. Бұдан бөлек, ыңғайлы құрылғыларды «Ұстаздар» саябағынан да табуға болады. Бүгінгі таңда Байқоңыр ауданының саябақ аймақтарында барлығы 14 гамак орнатылған. Сондай-ақ аталған саябақта скейтбордшыларға арналған әткеншек пен арнайы алаң бар, саябақтың көрікті жерлерінің бірі йога аймағы болып табылады. Онда белсенді әрі салауатты өмір салтын ұнататындар медитация жасай алады, каллиграфиямен айналысады, шай рәсімін өткізеді. Және мұнда тұрғындар жақын арада орнатылатын арнайы тренажерлерда жаттыға алады.
Сондай-ақ Байқоңыр ауданында «Қолжетімді спорт» жобасы аясында Пушкин көшесі бойындағы жаңа көпір кеңістігінде (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ауданы) азаматтарды бұқаралық спортқа тарту үшін барлық ниет білдірушілер тегін спортпен шұғылдана алады. Сабақтарды кәсіби спорт жаттықтырушылары аптасына 3 рет өткізеді: сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері сағат 17:00-ден 19: 00-ге дейін. Қыста жоба аясында қысқы спорт түрлері – шаңғы және конькимен сырғанау бойынша жаттығулар ұйымдастыру жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы біздің ауданда «Құтқарушылар» саябағы, «Жазушылар» аллеясы және Пушкин көшесі бойындағы подмосттық аймақ ашылды, сондай-ақ «Ұстаздар» саябағының (ЕҰУ ауданы) құрылысы аяқталуға жақын.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button