Елорда тынысы

Қоғамдық кеңістіктер көбейіп келеді

Елордада қала күніне орай тұрғындардың бос уақытын жайлы өткізуі үшін Бараев көшесінде жаңа қоғамдық кеңістік ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

[smartslider3 slider=3434]

– Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мас­тер-жоспары аясында биыл 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Оның ішінде 100-ге жуығы ашылып, қала тұрғындары мен қонақтарының игілігі үшін пайдалануға берілді. Бүгін, мәселен, жаңа амфитеатр ашылады. Онда «Астана Опера» театрының әртістері өнер көрсетеді. Каскадты амфитеатр саябақты үйлесімді түрде жалғай түседі және қала тұрғындарының демалатын әрі шығармашыл жандардың талантын паш ететін орынға айналады. Қала тұрғындары арасында мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына кедергі келтірмейтін орта құрылып, тротуарлар кеңейтілді, аумақтар көгалдандырылды, – деді елорда әкімі.

Жаяу жүргіншілер променадында балаларға арналған ойын алаңдары мен әткеншектер, өз өнерін көрсету үшін импровизацияланған көрініс­терге сахна, электр автокөліктерін зарядтауға арналған арнайы орындар және т.б. бар.

   Сондай-ақ қаланың әр аумағындағы тұрғын үй алаптарында төрт гүлзар ашылды. Солардың бірі – «Үркер» тұрғын алабында, Доспамбет жырау және Айғыржал көшелерінің қиылысында орналасқан.

– Елорда күні жаңа әлеуметтік маңызы бар нысандарды ашу жақсы дәстүрге айналды. Учаскенің жалпы ауданы – 1,6756 га. Белсенді тұрғындардың өтініші бойынша иттерді серуендетуге және жаттықтыруға арналған бөлек аймақ салынды. Бүгін мен Үркердің қоғамдық кеңістігін ашуға қатысқаныма қуаныштымын, – деді Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев.

Гүлзар аумағында мерекелік іс-шараларды өткізуге сахна және қарт адамдардың демалуы үшін жеке тыныш аймақ салынған. 500-ден астам ағаш мен көпжылдық гүлдер отырғызылған. Жасөспірімдер үшін жүгіру жолы мен футбол әмбебап алаңы бар.

Көктал-1 тұрғын алабындағы, Аспандияр Кенжин, Ақыт Үлімжіұлы, Дайрабай және Мұрат Мөңкеұлы көшелерінің төрттігіндегі гүл бағы 1,0279 га жерге жайылды. Оны салу кезінде аудан тұрғындарының қажеттіліктері ескерілген. Алаң төрт аймаққа бөлінеді: қарт адамдарға арналған тыныш, спорттық, ойын алаңдары бар балалар және  ворк-аут тренажерлері бар аймақ.

Елорданың туған күнінде ашылған тағы бір сквер Сарыарқа ауданында 187-көшеде орналасқан. Ол тек осы аймақтың тұрғындары мен белсенділерінің өтініші бойынша салынған. Учаскенің жалпы ауданы – 0,181 га. Тұрғындардың өтініші бойынша автокөліктерге арналған тұрақ, спорт алаңы бар белсенді аймақ, орындықтары бар тротуарлар және көше шамдары салынды.

Ең көптен күткен алаң «Железнодорожный» тұрғын алабында, Иманақ көшесінің ауданында болды. Бұл ашылу рәсіміне қатысқан тұрғындардың санынан көрінді. Оның аумағында үлкен ойын алаңы және тренажерлері бар спорт алаңы бар. Саябақ аумағында 200-ден астам ағаш, сонымен қатар көпжылдық гүлзарлар және көгалдар бар. Қоғамдық кеңістіктер урбанис­тика орталығы мен аудан әкімдігі тұрғындармен бірлесіп талқыланды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button