Басты ақпарат

Қоғамдық кеңістіктер көркейе береді

Биыл елордада «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында 250-ге жуық, ал үш жыл ішінде 750-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылған болатын. «Көктал» елді мекенінде жаңа қоғамдық кеңістік ашылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті.

[smartslider3 slider=3792]

«Соңғы жылдары елорда маңындағы елді мекендерде 300-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік (саябақ, гүлзар, желекжол) абаттандырылды. Бүгін «Көктал-2» елді мекенінде тағы бір қоғамдық кеңістік ашылды. Жаңа орын тұрғындардың өтініші бойынша ескірген алаңның орнына салынды. «Қорғалжын» гүлзарында балаларға арналған ойын алаңы, спорт алаңы, іс-шараларға арналған орын, демалысты тыныш орында өткізуге арналған аумақ және т. б. орналасқан. Шахмат пен үстел теннисіне арналған арнайы үстелдер де бар. Жаңа орын көгалдандырылып, суару жүйесімен жабдықталды. Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру кезінде балалардың да, жастардың да, аға буынның да мүддесін ескереміз. Мұның бәрі қала тұрғындары бос уақытын жақсы өткізуі үшін жасалып жатыр» деді қала әкімі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button