ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Қоғамдық көлік мәселелері талқыланды

Сарыарқа ауданы әкімдігінде қоғамдық көлікті жаңғырту бойынша белсенді тұрғындардың, жауапты басқармалардың және «City Transportation System» ЖШС өкілдерінің қатысуымен кезекті жиналыс өтті. Жиында қоғамдық көлікке қатысты маңызды мәселелердің шешілуін қамтитын «Жол картасының» орындалу барысы және алдағы жоспарлар талқыланды.

[smartslider3 slider=406]

«Жол картасы» аясында жаңа бағыттарды іске қосу, жылы аялдама кешендерін, электрондық таблоларды орнату, бағдарлар кестелерін және қоғамдық көлікке қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамдық көлікте жүруге ыңғайлы болу үшін ерекше назар аудару қажет» деді аудан әкімі Есет Байкен.
Жыл басынан бері Сарыарқа ауданында үш жаңа бағдарды іске қосу бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл – №45 («Үркер» тұрғын алабы – «Алаш» тасжолы), №69 (қалалық зират – Ақан сері көшесі, «Рахмет» СҮ), №26 («Агроқалашық» тұрғын алабы – «Бағыстан» тұрғын үй кешені) автобустары.
Жұмыс күндері жеті бағдарда 14 автобус және демалыс күндері 13 бағдарда 22 автобус жаңадан қосылды. №34 бағдардың Ақан сері және Қ.Шақаұлы көшелері бойынша бағыты ұзартылды. 15 аялдама кешенін орнатуға шешім шығарылды. Оның 10-ы – жылы аялдама.
Жиын барысында белсенді тұрғындар өз ұсыныстары мен ескертулерін жеткізді. Олар қоғамдық көлікті жаңғырту бойынша «Жол картасына» енгізіледі.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button