Қала тіршілігі

Қоғамдық көлік қозғалысы өзгереді

Наурыз мейрамы кезінде халық «Қазақ елі» монументі алаңына көптеп жиналады. Демек, мерекені мінсіз өткізу үшін Жол полициясы басқармасының инспекторлары қозғалысты қауіпсіз әрі кептеліссіз етіп ұйым­дас­­тыруы қажет.

«Бәйтерек» халық­ара­лық­ медиа­-орта­лы­ғын­да Аста­на қа­ла­лық­ ЖПБ басты­ғы­ның орын­басары Қали Аймағамбетов, бөлім бастығы Арлан Айтыбеков және «Жолаушылар тасымалдау ор­та­лығы» ЖШС бастығының орын­басары Жомарт Дәуменов жур­на­лис­терге осы шаруа­­ бары­­сын­ баян­дады. Айтуларынша, бір­қа­тар жол магистралдарының қоз­ға­лыс­ сызбасында әжептәуір өз­ге­ріс­ болады.­ Олар тиісті аумақта тұ­рақ­­тар­­дың жеткіліксіздігін ес­ке­ріп,­ автокөліктердің жина­лып қалуын болдырмау мақ­сатын­да қала тұрғындары мен қонақ­та­ры­на жеке автокөлікті емес, мей­лін­ше қоғамдық көлік­ті пайдалануға кеңес беріп отыр. Ал автокөлік қозғалысының дәл мереке күні таңғы сағат 8-ден бастап іс-шара аяқталғанға дейін толығымен жабық болатын жобасы: Тәуелсіздік даңғылы, Р. Қошқарбаев, Сарайшық көшелерінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі, А. Байтұрсынов көшесі мен Б. Момышұлы көшесінен Сарыкөл көшесіне дейінгі, Сарайшық көшесі М1 және Сығанақ көшесі М3-тен Обаған көшесіне дейінгі аралық. Ал Наурыздың өткізілуі барысында жұрт уақытша Орынбор көшесі бойынша айналма жолды пайдалана алады.

Сонымен қатар, «Қазақ елі» монументі алаңында өтетін мереке салтанатына бай­ла­ныс­ты сағат таңертеңгі 9-дан кешкі 4-ке дейін қолданыстағы №3, 4, 14, 21, 32, 40 бағдарлы автобустарға қосымша №2, 26, 35, 41 және 46 бағдарлы автобустардың қозғалыс сызбасына ішін­ара­ өзгерістер енгізілетін болды. Сол күні №4, 14, 21 қоғамдық көлік бағыттары Р. Қош­қар­баев,­ Обаған, Ж. Нәжімеденов кө­ше­ле­рі арқылы шектеусіз жүре береді, ал №3, 32, 40 бағытындағы автобустар қол­да­ныс­та­ғы қозғалыс сызбасымен А. Бай­­тұр­­сы­нов­ және Тәуелсіздік даңғылы арқылы қа­ты­най­ды.

«Тура 22 Наурыз күні халық жұма намазына көп жиналатын болғандықтан, мешіттерге қатынайтын қоғамдық көлік­тер­дің сызба нұсқасы туралы ақпа­рат­тар­ды біз тұрғындарға «Хазірет Сұлтан» мешіті арқылы тараттық. Мере­ке өтетін орынға қатынайтын алты бағдарға қосымша тағы бес бағдардың сызба нұсқасын өзгертіп, олардың уақытын да ұзартып отырмыз. Ал шара өткізілетін жерлерден басқа жолдар әдеттегі сызба нұсқаларын өзгертпейді» дейді Жомарт Дәуменов.

Бұның бәрі алдын ала реттеліп бол­ған­нан кейін мереке күндері елорда жол­да­рын­дағы қауіпсіздікті Астана қаласының 450-дей жол полициясы инспекторлары қам­та­ма­сыз етпек.

Мөлдір ХАЛЫҚОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button