Қала мен Сала

Қоғамдық көлікке не кедергі?

Қалада қазір автокөлік жүргізушілері көп ретте аялдама алаңына тоқтай салады немесе көліктерін қалдырып кетеді. Осылайша қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі келтіреді. Бұл өз кезегінде әр автобустың аялдамаларға уақытынан кеш келуіне, қоғамдық көліктердің кестеге сай қозғалысының бұзылуына себеп болады.

[smartslider3 slider=3805]

Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері күн сайын аялдама алаңдарына көлік құралдарының тоқтауы мен тұрақтауы бойынша құқық бұзушылықтарды анықтау, автобустардың қауіпсіз кіруі мен шығуына кедергіні болдырмау үшін жұмыс жүргізеді. Осы құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік және 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

– Жыл басынан бері Көліктегі бақылау департаментінің қызметкерлері жинаған материалдарға сәйкес жалпы сомасы 15 млн теңгеден асатын 983 заң бұзушылық бойынша әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданды. Автокөлік жүргізушілерін жол жүру ережелерін сақтауға және жол қозғалысының басқа қатысушыларын құрметтеуге шақырамыз, – дейді CTS компаниясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Нұрсұлтан Ибраев.

Департамент директорының айтуынша, бүгінгі таңда қалада 1400 аялдама бар. Соның ішінде әсіресе, «Asia Park», «MEGA Silk Way» сауда орталықтары мен «Көркем», «Арман қала», «Тұрсын Астана» тұрғын үй кешендері, №4 емхана және «Астаналық», «АйМақ-Тау» базарлары маңайындағы аялдамаларда осындай заң бұзушылықтар жиі орын алады.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button