Қала тіршілігі

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТӘРТІП НЫҒАЯДЫ

2012 жылдан бастап Астана қала­сының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Сарыарқа» өңіраралық кө­­лік­­тік бақылау инспекциясының Ас­­тана қаласы бойынша филиа­­лы қо­­ғамдық көлік қызметін жақсар­­ту­­­­ға бағытталған іс-шаралар өт­­кі­­­­­­­­зіп келеді. Онда күнделікті ба­­ғыт­­­­­­тағы жолаушылар көлігінің жүр­­­­­­гі­­зушілері мен жолсеріктерінің жо­­­­­­лау­­шыларға қызмет көрсету мә­­де­­ниетін, жүру кестелерінің, жол жүру қауіпсіздігінің сақталуын қа­­да­­ғалау жұмыстары жүргізіледі. Ат­­қарылған жұмыстардың қо­ры­тын­­­­дысы негізінде тасымалдаушы ме­­кеме басшыларының тарапынан анық­­талған кемшіліктерді болдырмау, жою үшін тиісті дәрежеде шаралар қолданылады.

Кеше қала бағдарында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ав­­то­­бустар кондукторларының жұ­­мы­­сы тексерілді. Олар көп жағдайда жолаушыларға билет бермеген. Нәтижесінде №103, №109, №44 бағыттағы автобустардың үш кондукторы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астана қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бас­­қармасы желілік бақылау бөлімінің бастығы Берік Бәйкеновтің ай­­туынша, қала тұрғындарынан ав­­тобус жүргізушілері мен жол­­се­­­­рік­­терінің қызмет көрсетуде мә­­де­­ниеттілігінің өте төмен екендігі ту­­ралы наразылықтар мен арыз-ша­­ғым­­дар көптеп түсуде. Билет бермеу әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. Мұндай тексерістер аптасына 2 рет жүргізіліп отырады. Тәртіп бұзушылықтар анықталып жатса, көліктің кондукторына хатта­­ма­ толтырып, айыппұл салынады. Айыппұлдың көлемі – 8500 тең­­ге. Алдағы уақытта осындай кем­­­­шіліктерді болдырмау үшін жүр­­гі­зу­­­­шілер мен жолсеріктер арасында жоспарлы іс-шара тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button