ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Қоғамдық көлікте тегін жүреді

Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында елордада әлеуметтік осал топқа жататын 100 мың адам қоғамдық көлікте тегін жүреді.

[smartslider3 slider=642]

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктерінде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар мен мүгедектер, оларға теңестірілген тұлғалар, жасы және еңбек өтілі бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар, көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, мүгедектер, ата-анасының біреуін (заңды өкілдерін) қоса алғанда, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар тегін жүреді.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес әрбір облыс және жергілікті атқарушы орган өз бетінше бюджетті қалыптастырып, жеңілдіктерді белгілейтіні мәлім.

2020 жылдың 28 ақпанынан бастап қала әкімінің тапсырмасына сәйкес елордалық және қала маңындағы елді мекендерге қызмет көрсететін автобустарда жеке картасымен расталған 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқушыларға тегін жолдама берілді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button