Қоғам

Қоғамдық қабылдау бөліміне өтініш білдірушілердің саны өсуде

«Нұр Отан» партиясы  Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне көбінесе жалақы қарызы бойынша өтініштер көп түседі.

02

Бүгінге дейін азаматтардың еңбек дауы бойынша барлығы 3 169 өтініш келіп түскен. Әрине, еңбек дауы жалақы төленбеуінен туады. Мәселен, Аманжол Темірбаев партияның қоғамдық қабылдау бөліміне жүгініп, Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің қабылдауына шақырылды. Қабылдаудан соң арызданушыға қарызы толық көлемде төленіп, мәселесі оң шешілді.
Әсіресе, елорда тұрғындары тұрғын үй, құқықтық және жұмыспен қамту секілді мәселелермен қоғамдық қабылдау бөліміне жиі келеді. Оларға осы салаға жауапты мамандар кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрақты түрде Астана қаласы әкімінің орынбасарлары, басқармалар, департаменттер және құқық қорғау органдарының басшылары қабылдау өткізеді. Сондай-ақ, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Павел Казанцев, Татьяна Яковлева, Қанат Мусин, Сапар Ахметов, Светлана Бычкова және Жәмила Нұрманбетова азаматтарды ай сайын қабылдап, жүздесіп отырады. Астана қалалық мәслихатының депутаты Илья Мещеряков та өз сайлаушыларымен ай сайын кездеседі.
Қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы қоғамдық қабылдау негізінде апта сайын «Заң АқиқатАстана» ЖШС заңгерлері және медиаторларымен, «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ кеңесшілерімен заңдық кеңестер мен психологтың тегін кеңесі өткізіледі. Сонымен бірге, халыққа еңбек, жер, тұрғын үй заңнамаларын түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға көшпелі қоғамдық қабылдау болады. Оған 842 азамат жазылған.
Бүгінге дейін «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы 274 азаматты қабылдап, үш көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырған.
Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламаларын іске асыру сұрақтары бойынша «Жолдағы қабылдау», «Әділет кеңес береді» атты қоғамдық қабылдаудың республикалық шараларында елордалық 2 978 азаматқа кеңес берілген.
Түйіндеп айтқанда, қоғамдық қабылдау бөлімінен адамдар өз сұрақтарына тұшымды жауап пен кеңес алатындықтан, өтініш білдіруші елордалықтардың саны өсіп келеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button