Мәслихат

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ТҮЙТКІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

IMG_9114

Қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері Ішкі істер департаментінде болып, елордадағы қоғамдық тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты.

Н.Мещеряковтың төрағалық етуі­мен өткен көшпелі мәжілісте халық қалаулылары алдымен Астана қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровті ел тәуелсіздігінің 22 жыл­­ды­­ғы қарсаңында егемен еліміз бен­ ең­селі елордамызды дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Президенті атынан алған мемлекеттік наградасымен құт­тық­тады. Депутат Сапар Ахметов болса, «Нұр Отан» партия­сы Төр­аға­сы­ның бірінші орынбасары­ Б.Бай­бек­тің атынан Алғыс хат тапсырды.

IMG_9087Одан әрі департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б.Есенбай елордада қоғамдық тәртіпті нығайту және қылмыстылықтың ал­дын­ алу­ды күшейту бойынша жүргі­зі­ліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

Елбасы өзінің жыл сайынғы Қазақ­стан халқына Жолдауында осы мәсе­леге ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл ретте аталмыш департамент Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді барынша сапалы әрі жедел жүзеге асыру бағытында бас қалада тәртіп пен тазалық орнатуға барынша маңыз беруде. Сала қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың конс­ти­ту­циялық құқығы мен бостандығын қорғауда барлық күш-жігерлерін салып жүр. Әңгімені осыдан бастаған орынбасар бүгінгі таңда атқарылып жатқан шаралардың барлығы «ЭКСПО-2017» халықаралық маман­дан­ды­рыл­­ған көрмесіне дайындық және оны өткізуге орай қалада қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын жет­кізді. Расында, қазіргі таңда қалада тәр­тіп­ бұ­зу­шы­лықтардың алдын алу­ мақ­са­тында атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Соның ішінде, ұсақ бұза­қы­лық­тар, қоғамдық орында ішімдік ішу,­ темекі шегу, шемішке шағу, қоқыс тастау, көпшілік орындарды бүл­діру, өзгелердің тыныштығын бұзу сынды факторлармен күрес күшей­тіл­­ген. Көше­лерде орнатылған бейне­ка­ме­ра­лар­дың осындай заң бұзушыларды анықтауға пайдасы зор. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 43 мың тәртіп бұзушылық анықталса, бүгінгі таңда олардың саны 53 мыңнан асып отыр, оның 355-іне қамауға алу түрінде әкімшілік шара қолданылған. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, өз аумақтарын абат­тан­дырмаған ұйымдар, атап айтсақ, 89 ПИК жетекшісі, 67 мердігер ұйым мен 202 құрылыс нысаны жауапкершілікке тартылды.

Дамыған қоғам барлық жерде тәр­тіп­ орнатудан басталатынын ескере келе, баяндамашы осы салада кадр­лар­дың тұрақтамайтындығын, әсіре­се, учаскелік инспекторлардың жет­кі­лік­сіз­дігін айта келе, құқық қор­ғау орган­дары қызметкерлерін әлеу­мет­тік­ қолдау мәселесін көтерді. Сонымен бірге әмбебап полицейлердің жұмы­сы­на да тоқталды.

Сырттан ағылушылар қатарының көбеюіне байланысты қылмыстың өсуі, тұрғылықты жері жоқ, көше кезіп, тілемшілікке салынған адамдар ара­сын­дағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарының жеткі­лік­сіздігі халық қалаулыларын бей-жай қалдыра алмады. Сонымен қатар, депутаттар жаңадан салынған тұрғын үй кешендері аумағына бейнебақылау камераларын орнату және тұрғын үй кешендерін салу кезінде жерасты паркингтерін қарастыруды ұсынды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button