Sport

Қола жүлде алды

Елордалық пара жүзуші әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

[smartslider3 slider=3235]

Португалияда пара жүзуден әлем чемпионаты өтіп жатыр.  Жарысқа 60 елден 509 атлет қатысуда. Еліміздің намысын төрт қазақстандық суда жүзуші қорғайды. Олардың арасында елордалық Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің спортшысы Сиязбек Далиев те бар. Елордалық пара жүзуші 50 м қашықтықты баттерфляй әдісімен 36,32 секундта жүзіп өтіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сиязбек Далиев – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, пара жүзуден 2021 жылғы Ашық Еуропа чемпионатының чемпионы, республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері. Ол Токиодағы Паралимпиада ойындарына қатысып, бесінші орынды иеленген болатын чемпионат 18 маусымға дейін жалғасады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button