Қолөнерші әжелер бір апта бойы өз бұйымдарын ұсынады
Астана қаласы әкімдігінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының шебер әжелері 7-13 қыркүйек аралығында этноауылда өтетін көрмеге өз қолдарымен жасаған қол өнер бұйымдарын қояды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бүгінде Елордалық зейнеткерлері этноауылда өтіп жатқан Республикалық жәрмеңкеде әр өңірден келген шеберлермен бірге белсене атсалысуда.
Байқоңыр ауданына қарасты «80+ Әжелер» клубы мен «Қолдан жасалған сыйлықтар» үйірмесінің қол өнерші әжелердің қолымен жасалған ұлттық нақыштағы бұйымдар көшпенділер ойындарының қонақтары арасында үлкен сұранысқа ие болды.
Көрмеде шебер әжелер кимешектер, орамалдар мен тюрбандар, шапандар, тақиялар, кілемшелер, көрпешелер, сөмкелер, алқалар, ұлттық қуыршақтар, асық, торсық, тұмарлар сияқты кәдесыйлар мен т.б. ұлттық бұйым түрлерін ұсынды. Сонымен қатар, он саусағынан бал тамған астаналық ісмер әжелер V Халықаралық көшпенділер ойындарының қонақтары мен көрермендерін өз өнерлерімен таңқалдырып, ұлттық кәдесыйларды ерекше талғаммен әзірлей білді. Әсіресе, жүннен жасалған суреттер, жылқы пано, алтыбақан, шаңырақ, шығыршық-салпыншақтар ерекше сұранысқа ие болды.
7-9 қыркүйек аралығында көрмеге қойылған бұйымдарды Байқоңыр мен Сарыарқа аудандарының әжелері арт-терапия үйірмелерінің жетекшілері Балым Сапарханқызының мен Жібек Жайкенованың және Альфия Чернятевичтің жетекшілік етумен жасады.