ЖаңалықтарСұхбат

«ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА-2020» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАЙЛЫ БАР АҚИҚАТ

Жақында ҚР Үкіметі бекіткен ≪Қолжетімді баспана-2020≫ бағдарламасы жайлы жержерде қоғамдық көлікте, кеңселерде және қызметте қызу пікірталас жүріп жатыр. Бұл бағдарлама тұрғын үй нарығындағы жағдайды және қатардағы Қазақстан азаматтарының тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған. Кейбіреулер баспана мәселесін шешсем деген үмітпен аталған бағдарламаны шынайы ілтипатпен қолдаса, енді біреулер оның табысты болатынына сенбей, сынап бағуда. Біреулер кеш қалдым деп мұңайса, енді біреулері оны жүзеге асырғанша қай уақыт деп сенбестік танытадыТек бір нәрсе айқын, бұл бағдарлама ешкімді де бейқам қалдырған жоқ. Интернеттегі қарамақайшы пікірлерді жинап алып, бағдарлама операторларының бірі Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіАҚна бет алдым. Банк қызметкерлерінің бір тобы маған бағдарлама жайлы түсініктеме беруге келісім берді.

 

 «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша толық және шынайы ақпарат қаншалықты қолжетімді? 

Мынадай комментарийлер бар: 

Тала 2012-05-29 19:22, tengrinews.kz: «Әдеттегідей, халық ол жайлы тек алатын ештеңе қалмағанда ғана біледі! Алдымен мемлекеттік қызметшілердің туыстары мен жақын-жуықтары, оны біліп отырғандар алады, ал біз жаңалықтардан естіп-білгенше, кеш болады!!!»

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіАҚның Баспасөз хатшысы Баяндина Г.К.

– Мемлекеттік органдар «Қолжетімді баспана–2020» бағдарламасына әзірлікті 2012 жылғы ақпан айында бастаған болатын.Бағдарлама бекітілгенге дейін ағымдағы жылғы маусым айының соңында БАҚ қатысуымен Бағдарлама жобасы бірнеше рет ҚР Үкіметінің отырыстарында қаралды. Баса айтқымыз келетіні, Бағдарлама бекітілгенге дейін талай уақыт бойы әзірленіп жатқан талаптар жайлы қызу талқылау жүрді.

Бағдарлама бекітілген соң да бірнеше рет осы тақырыпқа арналған баспасөз конференциялары жүргізілді. Бағдарламаның толық мәтінімен Банктің www.hcsbk.kz сайтында да танысуға болады, сондай-ақ Банкте ҚТҚЖБ арқылы таратылатын, Бағдарлама талаптарына қысқа әрі көрнекі түрде түсінік беретін тұсаукесер парақшалар әзірленген.

Банк филиалдарының барлық кеңселерінде, сондай-ақ 8-800-080-1880 телефоны бойынша (қоңырау шалу тегін) ақпарат алуға болады.

Бағдарлама туралы барлық ақпаратқа емін-еркін қол жеткізуге болады.

– «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша салынатын тұрғын үйлерге қазірдің өзінде кезек бар деген әңгімелер естіп жатырмыз. Шынында солай ма? 

Саке және Евгенийдің пікірлері:

Саке 2012-07-19 11:23; tengrinews.kz: «Ол үйлерге кезек қазірдің өзінде 20 жылға алынып қойылған!»Добрый день, Лидия Ивановна!

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіАҚ Департамент директоры Сизов А.С.:

– Мен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушылары үшін салынатын тұрғын үйлердің қалай бөлінетіндігіне түсінік берейін, сонда мұндай сұрақтар өз-өзінен шешіледі. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы «Қолжетімді баспана–2020» бағдарламасының екі бағыты жүзеге асырылады:

1) ЖАО тұрғын үй салуы және оны халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жүзеге асыру, соның ішінде кейіннен сатып алумен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалға алу мүмкіндігі көзделген (аталған бағыт бойынша кейіннен сатып алумен тұрғын үйді жалға алу мүмкіндігі Бағдарламада атап көрсетілгендей, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылатын болады);

2) ЖАО тұрғын үй салуы және оны кейіннен сатып алумен жас отбасыларға жалға беру.

Бірінші бағыт бойынша, тұрғын үй сатып алуға тілек білдірушілер тізімін құрастыру қашанда нақты бір үйдің құрылысын салу кезеңінде басталады. Тұтас алғанда, процедура мынадай: тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушылары үшін нақты үй құрылысын салу туралы Әкімдікпен келісімге қол қойғаннан кейін Банк баспасөзде және Банктің сайтында нақты бір үй бойынша тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініштер қабылдау басталғандығы туралы хабарландыру жариялайды. Өтініштер қабылдау 2 айға созылады. Берілген өтініштердің ішінен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысудың ұзақтығы мен сапасы есепке алына отырып, балл жүйесіне сәйкес ең көп балл жинаған, салынып жатқан пәтер санына тең қатысушылар саны іріктеліп алынады. Мысалы, егер 200 пәтерлік үй салынса, ал түскен өтініш саны 250 болса, онда тізімге ең көп балл жинаған өтініш берушілер енгізіледі, қалған 50 адам «резервтік» тізімде қалады. Ең көп балл жинаған 200 өтініш беруші пәтерді сатып алу үшін төлем қабілетін растайтын тиісті құжаттарды береді. Егер кімде-кім өзінің төлем қабілетін растай алмаған жағдайда, өтініш берушілер санын толықтыру «резервтік» тізімнен жүзеге асырылады. Әрі қарай тұрғын үйді бөлу процедурасы жүргізіледі – төлем қабілетін растағандардың тізімі құрастырылады, пәтер таңдауда басымдық тағы да ең көп балл алған адамдарға беріледі. Белгіленген күні өтініш берушілер тізім бойынша өздері тұрғын үйден сатып алғысы келетін пәтерді жобалануына, орналасуына, қабатына және т.б. қарай таңдайды. Бұл параметрлердің барлығы клиент пен Банк қол қоятын Бағдарламаға қатысу туралы қосымша келісімге кіргізіледі және осы сәттен бастап өтініш берушіге Бағдарлама қатысушысы – ЖАО тапсырысы бойынша құрылысы жүзеге асырылатын үйдегі нақты пәтердің сатып алушысы мәртебесі беріледі. Енді клиентке тек тұрғын үй құрылыс жинақтарын әрі қарай жинақтау және үй құрылысының аяқталуын күту ғана қалады. Тұрғын үйді сатып алу үйдің құрылысы аяқталған соң және ол пайдалануға берілгеннен кейін жүргізіледі.

Жаңа үйге келесідей процедура жүргізіледі және ешқандай да «20 жылға дейін алынып қойылған кезек» жоқ.

Екінші бағыт бойынша Бағдарламаға қатысу үшін жас отбасыларын іріктеуді және тұрғын үйлерді бөлуді Әкімдіктер жүргізеді. Жас отбасылары үшін Бағдарлама критерийлері мынадай:

1) Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтіне ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасының 29-дан аспауы керек;

2) өтініш беру сәтіне некеде тұрған кезеңінің 2 жылдан кем болмауы қажет;

3) отбасы құрамына ерлі-зайыптылар, кәмелетке толмаған және еңбек етуге қабілетсіз балалар, ерлі-зайыптылардың еңбек етуге қабілетсіз ата-аналары кіреді;

4) Бағдарлама қатысушысының және оның отбасы мүшелерінің Бағдарламаға қатысуға өтініш берілген елді мекенде тіркеуде тұруы;

5) Бағдарлама қатысушысының және оның отбасы мүшелерінің кейіннен сатып алумен жалдамалы тұрғын үйге қоныстану үшін Бағдарламаға қатысуға өтініш берген елді мекенде меншік құқығында баспанасының болмауы;

6) ерлі-зайыптылардың және олардың отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлату жайттарының болмауы;

7) өтініш берер алдындағы соңғы 6 ай үшін отбасының таза жиынтық отбасылық кірісі (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа шегерімдерді алып тастағанда) мыналар шегінде болуы:

а) ең төменгі шек: Алматы, Астана қалалары үшін – тиісті жыл үшін өмір сүруге қажетті ең төменгі қаражаттың 4 еселенген мөлшері, қалған қалалар (елді мекендер) үшін – өмір сүруге қажетті ең төменгі қаражаттың 3 еселенген мөлшері;

б) ең жоғарғы шек: барлық қалалар (елді мекендер) үшін – өмір сүруге қажетті ең төменгі қаражаттың 12 еселенген мөлшері.

Тек тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің салымшысы ғана Бағдарлама қатысушысы бола алады. Бұл бағыттағы Банктің рөлі әлеуетті жас отбасының – жалдаушылардың төлем қабілетін бағалау, жалдау кезеңінде қаражат жинақтауға мониторинг жүргізу, сондай-ақ кейіннен жалдамалы тұрғын үйді сатып алу үшін тұрғын үй заемдарын беру болып табылады.

Тұтас алғанда, Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 2012 жылдан бастап 2020 жылға дейін 3 млн. ш. м. жуық, екінші бағыт аясында – 1,5 млн. ш.м. тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

-Сіздіңше қалай, Бағдарлама бойынша шын мәнінде қашан пәтерді сатып алуға немесе жалға алуға болады?

Мынадай тұжырымдар бар:

ГАГАРИН ГАГАРИН 13:46, 18 шілде 2012, nur.kz: «Жаратушы Алла, мұның бәрі қашан жұмыс істей бастайды?! ҚАНША РЕТ АЙТЫЛДЫ, орнынан қозғалған ештеңе жоқ…».

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіАҚ Департамент директоры Сизов А.С.: 

– Бағдарлама барысын қадағалап отырғандар біледі деп ойлаймын, «Қолжетімді баспана–2020» бағдарламасының бірінші бағыты шын мәнінде, 2011-2014 ж.ж. арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жалғасы болып табылады, ал бұл Бағдарлама 2011 жылы басталған болатын.

Бүгінгі таңда мынадай нақты мысалдар келтіруге болады: мына қалаларда 850 пәтерлік 11 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды: Ақтөбе (3 үй–393 пәтер), Талдықорған (1 үй – 60 пәтер), Орал (1 үй – 90 пәтер), Тараз (2 үй – 64 пәтер), Қызылорда (2 үй – 100 пәтер), Павлодар (2 үй – 143 пәтер). Қазіргі уақытта Бағдарлама қатысушыларына пәтерлерге құжаттар рәсімделуде.

Сондай-ақ барлық облыс орталықтарында және Алматы, Астана қалаларында 5 381 пәтерлік 81 үйдің құрылысы жүргізілуде, оларға өтініштер беру аяқталған немесе жүргізілу үстінде.

Тек 2012 жылы ғана Әкімдіктермен 1336 пәтерлік 17 үйдің құрылысын салуға келісімге қол қойылды, тұрғын үйлердің құрылысын салуға келісімдерге қол қою жұмысы әрі қарай жалғасуда.

– Ал Бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлердің сапасы туралы Сіз не айтасыз? 

Форум қатысушыларын бұл сұрақ та қызықтырады: бек 2012-05-29 16:48, tengrinews.kz: «ең бастысы, қолжетімді баспана құлап қалмаса болғаны…»

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіАҚ Департамент директоры Сизов А.С.:

Бағдарламада жайлылығы 3 және 4 класты тұрғын үй салу көзделген.

Жайлылығы 3 және 4 класты деген нені білдіреді және олардың 1 және 2 класты жайлылықтан қандай айырмасы бар деген сұрақ туындайды. Егер қысқаша айтсақ, 1 және 2 класс – бұл барынша мүмкін болатын артықшылықтары бар таңдаулы (элиталық) тұрғын үйлер, ал 3 және 4 класс – бұл қалыпты заманауи жайлы баспана. Қай класс болса да, қауіпсіздік пен сапалылық жағдайы бірдей, яғни кез келген кластағы тұрғын үйлердің сейсмикалық беріктігіне, құрылыс сапасына кепілдік беріледі. Дегенмен, өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы, жайлылығы 3 класты үйлердің ас бөлмесінің ауданы 9 ш.м. аспауы керек, төбелерінің биіктігі – 2,7 м., 1 адамға жалпы ауданы 18 ш.м. кем емес, бөлме саны 2 және одан көп болғанда, санторап бөлек, пәтердің әрленуі – жақсартылған. Ал жайлылығы 4 класты үйлерде ас бөлмесінің ауданы 6 ш.м., төбелерінің биіктігі – 2,5 м., 1 адамға жалпы ауданы 15 ш.м. кем емес, санторап бірге болуы мүмкін, пәтердің әрленуі – жай әрлеу.

3 класты жайлылық бойынша таза әрленген тұрғын үйдің 1 шаршы метрі үшін сату бағасы:

• Алматы және Астана қалаларында – 142,5 мың теңге;

• Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында – 112,5 мың теңге;

• қалған өңірлерде – 90 мың теңге. 4 класты жайлылық бойынша таза әрленген тұрғын үйдің 1 шаршы метрі үшін сату бағасы:

• Алматы және Астана қалаларында – 120,0 мың теңге;

• Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында – 100,0 мың теңге;

• қалған өңірлерде – 80 мың теңге.

Құрылыс сапасына бақылау жасауды Әкімдіктер қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта құрылыс сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Банк, өз тарапынан, тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылардың өкілі ретінде, салынып жатқан үйлердің сапасын тексеруді кезеңділікпен жүзеге асырады және өз клиенттері үшін салынып жатқан объектінің ағымдағы жағдайы туралы ақпараттарды Банктің сайтына орналастырып отырады.

– Табысы төмен азаматтардың жолын кесіп, үйлерді сатып алатын «қалтасы қалыңдар» үшін қандай да бір шектеулер қойылған ба? tengrinews.

kz кірушілердің диалогы: 

ёпрст 2012-07-18 14:48: «негізінде қалай, алуға тұра ма, жоқ па?Сіздің пікіріңіз қандай? (ескерту: баспанаға зәру емеспін)». 

Чел 2012-07-18 21:08: «Егер, шын мәнінде баспанаға зәру болмасаңыз, бұл сұрақты қоймау керек қой. Қажет еткен адамдар алсын да».

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіАҚ Департамент директоры Хлыстова О.Н.:

Бірінші бағыт бойынша:

Баспанасы жоқ немесе тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажет адамдар үшін алдын ала және аралық тұрғын үй заемдары бойынша жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемелер көзделген.

«Қолжетімді баспана–2020» бағдарламасы аясында жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемелер бойынша алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын алу үшін Бағдарлама қатысушысы мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) Бағдарлама қатысушысының және оның отбасы мүшелерінің Бағдарламаға қатысуға өтініш берген елді мекенде меншік құқығында баспанасының болмауы немесе Бағдарлама қатысушысының, оның отбасы мүшелерінің меншігіндегі пайдаланып отырған пайдалы ауданның мөлшері отбасының бір мүшесіне 15 ш.м. кем мөлшерді құраған жағдайда, Бағдарлама қатысушысының тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажет болуы;

2) Бағдарлама қатысушысының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде Бағдарламаға қатысуға өтініш берілген елді мекенде тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлату жайттарының болмауы.

Егер Бағдарлама қатысушысы аталған талаптарға жауап бермесе, онда Банктің стандартты мөлшерлемелері бойынша алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын алуға құқығы бар.

Екінші бағыт бойынша.

Жоғарыда менің әріптесім айтып кеткендей, жас отбасыларының ең жоғары таза отбасылық кірісі бойынша шектеулер белгіленген. Бұл нұсқа тек ай сайынғы таза жиынтық кірісі ең төменгі күнкөріс минимумының 15 еселенген мөлшерінен аспайтын отбасылары үшін көзделген, бүгінгі таңда бұл сома 261 585 теңгеге тең.

– Тұрғын үйді сатып алуға немесе жалға алуға Бағдарлама бойынша ай сайынғы төлемдер қаншалықты қолжетімді? 

Мынадай комментарийлер бар: 

Евгений 2012-06-05 15:10, tengrinews.kz: «ай сайынғы төлемдердің мөлшері 50 мың теңгені құрайды. Қолжетімді болғаны осы ма? 50 мың – бұл ҚР-дағы көпшілік халықтың орташа айлық еңбекақысы.»

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіАҚ Департамент директоры Хлыстова О.Н.:

Отбасы кірісі алдын ала заем алуға жетпеген жағдайда, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жүзеге асырылатын Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша төлемдерді есептеудің үлгісімен танысуды ұсынды.

Мысалы:

• ш.м./90 000 тг. деп есептегенде, ауданы 60 ш.м. 2 бөлмелі пәтердің құны – 5,4 млн. теңге;

• қаражат жинау бойынша ай сайынғы жарна 8 жыл бойы – 28 620 теңгені құрайды;

• жалдау төлемі – 6 000 теңге (8 жыл бойы);

• Жалдамалы тұрғын үйді сатып алуға тұрғын үй заемын өтеу бойынша төлем 18 900 теңгені құрайды (тұрғын үй заемы 15 жылға дейін мерзімге, теңгемен жылдық 4 % мөлшерлеме бойынша беріледі).

– Ольга Николаевна, мен дұрыс түсінген болсам, менің отбасым 8 жыл бойы ай сайын 34 620 (жалдау+жинақтау) теңге төлей ме? Және бір мезгілде пәтерде тұратын бола ма?

– Иә, өте дұрыс. Жалдамалы тұрғын үйге кіру үшін Сіз өзіңіздің Банктегі жинақ шотыңызға салымға ай сайынғы жарналардың 6 еселенген мөлшерінде кепілдік жарна салуыңыз қажет (біздің үлгі бойынша бұл сома 28 620*6 = 171 720 теңгеге тең). Ал 50% жинақтаған соң және жинақтау талаптарын орындағаннан кейін Сіз тұрғын үй заемын ала аласыз және тұрғын үйді сатып аласыз. Тұрғын үй заемын өтеу бойынша төлем 15 жыл бойы 18 900 теңгені құрайды. Енді пәтер Сіздің жеке меншігіңіз болып табылатындықтан, жалдау төлемін бұдан кейін төлемейсіз.

Жалдаушылар ақша жинақтау бойынша төлемдерді ұқыпты түрде салып отырулары қажет екендігін ескерткім келеді. Салымға жарналар уақтылы енгізілмеген жағдайда, жалдамалы тұрғын үйде нақты тұрғаны үшін өтемақы төлей отырып, жалдаушы жалдамалы тұрғын үйден шығуға мәжбүр болады.

-Бағдарламаға қатысуға қатысты сұрақтар өте көп, Сіз қандай кеңес бересіз?

 Медет Актаев 14:53, 18 шілде 2012, nur.kz: «Ал рәсімдеудің әрбір қадамы туралы қайдан білуге болады?» 

Andreas 2012-07-19 11:20, tengrinews.kz:«Тұрғын үйді жалға алу үшін жас отбасылары қайда баруы керек

Ертай 2012-06-15 18:32, tengrinews.kz:«Aл тіркеу жергілікті болуы керек пе, егер мен басқа қалада тіркелген болсам ше

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіАҚ Департамент директоры Хлыстова О.Н.:

Банк филиалдарының барлық кеңселерінде, 8-800-080-1880 телефоны бойынша (қоңырау шалу тегін), сондай-ақ Банктің www.hcsbk.kz сайтында неғұрлым толық кеңес алуға және ақпараттарды білуге болады!

Қосымша ақпараттарды ≪Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіАҚның аймақтық филиалынан ала аласыздар. Мекенжайы: Астана қаласы, Абай даңғылы, 8 үйтел.: 40-72-76, 40-72-77 немесе Қажымұқан көшесі, 12 „А„ үй, тел.: 36-19-07, 36-19-20 

Мазмұнды жауаптарыңызға рахмет!

Дамир Акимов

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

2 пікірлер

  1. Меня зоаут Акылбек Тлесов Бижанович.Я живу в городе Шалкар Актюбинская область.И хотел бы получать жильё.Я инвалид 2 группа.У меня дом шитовая,тонкая и старая,зимои невозможно жить в нём.У меня мать 80 лет.А дом невозможно ремонтировать.Прошу принять мои жалоб

Пікір үстеу

Back to top button