ӘлеуметҚала тіршілігі

ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА БАҒДАРЛАМАСЫ БАЙЫПТАЛДЫ

20140114152145

Қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы мәселе қозғалды.

Қалалық Тұрғын үй басқар­ма­сының басшысы Руслан Ахметов Үкімет қаулысымен бекітілген бұл бағдарламада баспана берудің бір­неше бағыттары қарастырылғаны жөнінде айта келе, оның «Қазақ­станның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы желісі бойынша, «Қазақстандық ипотекалық компания» және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры», сондай-ақ, апатты үйлерді бұзу қанатқақты жобасын жүзеге асыру арқылы шешілетініне тоқталды.

«Қазақстанның тұрғын үй құ­рылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы желісі арқылы халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй бағытымен 2013 жылы – 727, ал 2014 жылы – 656 пәтер берілсе, «жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша биыл 2-14 маусым аралығында Астана қаласы әкімдігі құжаттар жинау жүргізгенін, іріктеуден өткендерге бір шаршы метрі 120 мың теңгені құрайтын 672 пәтер берілетінін жеткізді басқарма басшысы. Бұл ретте жас отбасыларға пәтер сатып алу үшін 8 жыл мерзім ішінде ақша жинау мүмкіндігі қарастырылады, үйде жеңілдік шартымен тұрып, содан кейін қарызын 15 жылға дейінгі мерзімге бөліп төлеуге болады екен.

«Қолжетімді баспана-2020» бағ­дарламасына «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын үй бағыты бойынша үміткер ретінде жергілікті атқарушы органда коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған азаматтар құжаттарын тапсыра алады. Қатысушыларды іріктеу кезек бо­йынша жүргізіледі. Бағдарламаға осы бағыт бойынша қатысушылар биыл жыл соңында қоныс тойын тойлайтын болады» деді Р.Ахметов.

 Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button