Жаңалықтар

Қолжетімді үйлер көбейеді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада салынып жатқан қолжетімді тұрғын үй құрылысымен танысты.

– Қазір кезекте тұрған қала тұрғындары мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары үшін әлеуметтік тұрғын үй салып жатырмыз. Келесі жылдарға дайындық жұмысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй құрылыс көлемін едәуір арттырамыз, – деді Алтай Көлгінов.
Бүгінде Алматы ауданында (А102, А105, А108, А129, А130 көшелерінің қиылысы) қолжетімді кредиттік тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Мұнда 1900-ге жуық пәтер салынады. Сонымен бірге ауданда жаңа мектеп пен балабақша да болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button