Жаңалықтар

ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ

экспо

«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» мемлекеттің жаңа саяси бағытын жария етті. Мемлекет басшысы Жаңа экономикалық саясаттың өзегі бес жылға арналған инфрақұрылымдық даму жоспары болатынын атап өтті.

«Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақ­тардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады» деді Елбасы.

Мемлекет басшысының айтуынша, ақпан айында Ұлттық қордан экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014-2015 жыл­дарға 500 миллиард теңгеден екі транш бойынша 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданған. Басталған жобаларды аяқтау және аса өткір мәселелерді шешу үшін Президент Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі екінші транш қаржысын белгілі бір мақсаттарға, атап айтқанда, «ЭКСПО-2017» кешенін салуды қосымша қаржыландыруға бағыт­тауды тапсырды. Бұған дейін бөлін­ген 25 миллиардқа «ЭКСПО-2017» кешені құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін 2015 жылы қосымша 40 миллиард теңге бөлінеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button