ЖаңалықтарРуханият

Қонаевтанушымен кездесті

Есіл ауданының әкімдігінде жазушы-публицист, қонаевтанушы Ораз Қауғабаймен кездесу өтті.

[smartslider3 slider=754]

Келесі жылдың қаңтарында Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 110 жыл толады. Қаламгер көрнек­ті мемлекет қайраткері жайында әңгіме-дәріс өткізді. Дінмұхамед Ахметұлы дәуірінде еңбек еткен ардагерлер жазушыға сұрақтар қойды.

Кездесу барысында Нұр-Сұлтан қаласында ескерткіш орнату мәселесі талқыланды. Қонаевтанушы тиісті орындарға өтініш хаттарын жазғанын айтты. Бұған қоса, елордадағы Д.Қонаев көшесін арайландыру, оның бойындағы орта мектепке мемлекет қайраткерінің атын беру ұсынылғанын жеткізді.

Кездесу соңында Есіл аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Рысты Атығаева жазушыға алғыс айтып, сый-сыяпат жасады. Алдағы уақытта мұндай кездесу қаланың оқу орындарында жалғаспақ.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button