Елорда тынысы

Қоныстой қуанышы

Елорда күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында кезекте тұрған әлеуметтік осал топтар санатына жататын тұрғындарына пәтер кілттері берілді. Бұл пәтерлер «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында «халықтың әлеуметтік осал топтары» санаты үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілді.

[smartslider3 slider=3406]

 

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында берілген бұл пәтерлердің кілттерін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов табыстады. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгіновтің атынан сіздерді елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында осы тұрғын үй кешені салынды. Бұл ауданда жаңадан мектептер, тұрғын үйлер салынады. Қоныстарыңыз құтты болсын. Үйлеріңіз қуанышқа, шаттыққа толсын» деді әкім орынбасары.

Баспаналы болған тұрғындардың бірі – Әлия Саменова. «Алтын алқа» иегері бұл пәтерді алу үшін 15 жыл кезекте тұрған. «Үй кезегінде тұрып, көптен күткен пәтеріме қол жеткіздім. Осындай мүмкіндік жасап, елеп-ескеріп жатқан қала әкімшілігіне алғысымды білдіремін. Біз үшін баспана басты мәселе ғой. Өте ризамын» деп қуанышымен бөлісті көпбалалы ана.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button