ЖаңалықтарҚала тіршілігіҚұқық

Қоқыс төгіп, айыппұл арқалады

Алматы аудандық Полиция басқармасы ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері «Нұрлы жол» вокзалы аумағындағы  Ш.Қалдаяқов көшесі бойына SCANIA автокөлігінің жүргізушісі тұрмыстық қоқыс төккендігін анықтады.

[smartslider3 slider=747]

Сол үшін 1994 жылы туған И. есімді азаматқа әкімшілік шара қолданылды. Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша хаттама толтырылып, 30 АЕК (86510 теңге) көлемінде әкімшілік айып тағылды.

Жүргізушіге мұндай жағдайды қайталамау керектігі туралы түсіндірілді. Қоқыс­ты жинап, Алаш тас­жолы бойындағы эко-полигонға шығару жұмысы ұйымдастырылды.

«Рұқсатсыз төгілген қоқыс қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Бұл мәселе жедел әрекет етуді және қатал шара қолдануды талап етеді. Біздің ортақ міндетіміз – қаланың тазалығын, абаттандырылуын жұмыла отырып сақтау. Өз кезегінде тұрғындардан қоқысты тастау мен қалдықтарды жоюға барынша жауапкершілікпен қарауын сұраймын» дейді Алматы ауданының әкімі Ерлан Бекмырзаев.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button