Мәдениет

Қоршаған ортаны қорғау көрмесі

Ұлттық музейде сиреп бара жатқан жан-жануарларды бейнелейтін National Geographic Photo Ark фотокөрмесі ашылды. Жер бетінен мүлдем жойылып кетудің алдында тұрған тіршілік иелері портреттерінің авторы – әлемге танымал фотограф Джоул Сартори.

Көрменің ашылу рәсіміне Ғылым және жоғары білім минис­трі Саясат Нұрбек, Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, медиа-менеджер ­Арманжан Байтасов, қоғам белсенділері және дипломатиялық қоғамдастық өкілдері қатысты.

– National Geographic-тің осындай жобасын көруге асығып келдік. Көрменің миссиясы – ұлтымыздың дәстүріне сай. Қоршаған ортамызға, жалпы жан-жануарларға үлкен құрметпен қарау халқымыздың болмысында бар. Ғасырдың аяғына дейін жоғалып кету қау­пі бар осынша жануарлардың суретін көріп, өзіміз таңғалып отырмыз. Бұл экологиялық жаңаша ойлауды талап ететін үрдіс, соған бір қадам деп айтуға болады, – деді Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай.

Көрмеге студиялық сапада түсірілген 74 сурет қойылды. Экспозицияны 4 желтоқсанға дейін Ұлттық музейдің 5 қабатында орналасқан залда тамашалауға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button