Қала мен Сала

Қоршаған ортаны жақсарту – ортақ міндет

Қауымдастық төрағасы, елорда әкімі Алтай Көлгінов экология тақырыбында онлайн брейнсторминг өткізді. Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты үйлестірушісі Микаела Фриберг-Стори да өз көзқарасымен бөлісті.

Ауқымды көгалдандыру жұмыстары және қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын жаңарту, айналма жолдар, тазарту қондырғыларын салу – қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарылуын азайтудың тиімді шаралары. Астаналар мен ірі қалалар халықаралық қауымдастығы мүшелері қоршаған ортаны жақсарту және тікелей тәжірибе алмасу бойынша тиімді шаралар әзірлеуге келісті.
«Халық санының қарқынды өсуін ескерсек, ірі қалалар үшін экология мәселелері әрқашан өзекті. Қоршаған ортаға зиянды заттардың бөлінуін азайту үшін біз бірқатар шаралар қабылдаудамыз: 1. Қаланы газдандыру. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы газдандыру туралы тарихи шешімінің арқасында зиянды заттардың шығарылуы азаяды. Сонымен қатар бұл қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартады. Соның ішінде 1-ЖЭО және 2-ЖЭО газға ауысады. 2. Желіге 100 электр автобусы шығарылды. Жақында тағы соншама автобус желіге шығады. 3. Біз карьерді одан әрі рекультивация­лау арқылы құрылыс қалдықтарын сақтауға және өңдеуге арналған алаң салуды бастадық. Қалдықтарды қайта өңдеу зауытын, полигонды қалпына келтіру жұмыстарын жүргіземіз. Сонымен қатар аулаларда қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатуды жалғастырамыз. Мектептерде эко-сағаттар өткізіледі. 4. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша және қаланың «тынысын» ашу арқылы біз ауқымды абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Әр ауданның өзінің экологиялық аймақтары болуы керек. Біз отырғызылған ағаштардың санын жыл сайын көбейтетін боламыз. 5. Қаладан өтетін Есіл өзеніне бұрын коллекторлардан су тікелей ағып, оны ластайтын. Енді сол аумақта жабдықтау коллекторларын қайта құрып, тазарту қондырғыларын салып жатырмыз. Бұл өзенге жіберер алдында жаңбыр мен еріген қар суының тазаруын қамтамасыз етеді. Біз жұмыс істеп жатқан басқа да бірқатар бағыттар бар. Қазір бүкіл әлемде экологияға ерекше көңіл бөлініп жатқанына қуаныштымын. Әр қаланың және елдің өзінің ерекше тәжірибесі бар, ал Астаналар мен ірі қалалар халықаралық қауымдастығы платформасы біздің тәжірибемізбен тікелей бөлісуге мүмкіндік береді» деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Онлайн-конференция барысында Астаналар мен ірі қалалар халықаралық қауымдастығы бірінші вице-президенті Юрий Мещеряков, ТМД Экономикалық даму іскерлік орталығының бас директоры Владимир Савченко және басқа қауымдастық мүшелері Қазақстан астанасы мен Елбасы тұрғындарын астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру күнімен құттықтап, «Қаланың авторы – Тұңғыш Президенттің көреген шешімі ел астанасын табысты, әлемге әйгілі қалаға айналдырғанын» атап өтті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button