Sport

ҚОРЖЫН ҚОМПАЙТҚАН БАЛУАНДАР

Болгария астанасы София қаласында спорттық және әскери самбодан өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі күміс және екі қола медаль түсті. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

baybatyrov

Күміс жүлдегер атанған Ерболат Байбатыров 57 келіде сынға түсіп, финалда грузиялық балуан Вахтанг Чидрашвилиге есе жіберді. Ерболат бұған дейін ресейлік Аймерген Аткуновты, содан соң тәжік балуанын тізе бүктірді.
Екінші күмісті Динара Жұмабаева иеленді. 64 келіде белдескен ол финалда Беларусь елінің өкілі Татьяна Мацкодан жеңіліп қалды. Ал қоланы 62 келіде Қазбек Сұпығалиев пен 82 келіде Темірлан Ихсанғалиев алды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button