Спорт

Қоржында – 2 алтын

Универсиада-2023 халықаралық бәсекесінде шаңғымен секіруден алтын медальді Данил Васильев жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы 257,3 ұпаймен үздік нәтиже көрсетіп, австриялық Максимиллиан Линхер (251,4) мен Тимон Паскаль Кахоферді (248,8) басып озды.

Қазақстан сапында өнер көрсеткен Сергей Ткаченко – 7, Никита Девяткин – 9, Святослав Назаренко – 20 (147,3), Мағжан Амангелдіұлы 21-орыннан көрінді.

Бұған дейін Қазақстанға алтынды биатлоншы Вадим Куралес жеңіп алған еді. Ол 15 шақырымға жекелей жарыста үздік атанды. Куралес норвегиялық Оржан Мосенгтен 42,6 секундқа, француз биатлоншысы Алекс Гарньеден 1 минут 16,5 секундқа озды.

Қазақстандық хоккейшілердің табысы жақсы. Олар Словакияны ірі есеппен жеңді. Бұған дейін біздің құрама Оңтүстік Кореяны (5:1), Венгрияны (9:1) және Ұлыбританияны (15:1) ұтқан еді. Мұндай нәтиже біздің хоккейшілердің плей-оффқа шығуына мүмкіндік берді.

Универсиаданың командалық көрсеткішінде екі алтынның арқасында Қазақстан 180 елдің ішінде 6-орынға жайғасты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button