Sport

Қоржында – үш ұпай

Өткен аптада футболдан ЕУРО-2020 турнирінің іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Шотландия және Ресей командаларымен кездесіп, үш ұпай еншіледі.

Бұл екі ойын да өз алаңымызда, «Астана Арена» стадионында өтті. Алдымен 21 наурыз күні Шотландия құрамасын қабылдады. Тең ойынға тілеулес болып жиналған жанкүйерлерге Қазақстан құрамасы жеңіс сыйлап, мерекелік көңіл-күйге бөледі. Матч 3:0 есебімен аяқталып, Юрий Перцух, Ян Вороговский және Бақтиер Зайнутдинов голымен ерекшеленді.
Араға үш күн салып, 24 наурыз күні дәл осы алаңда Ресей құрамасымен ойнады. Бірінші ойында Бельгиядан ұтылып келген ресейліктер есесін қазақтардан қайтарды. Олар жауапсыз төрт гол соғып, жеңіп кетті.
Сөйтіп, Қазақстан құрамасы «І» тобында бір жеңіс, бір жеңілістен кейін үш ұпаймен үшінші орынға жайғасты. Бұл топта жоғарыда аталған төрт құрама, сондай-ақ Кипр және Сан-Марино – жалпы алты команда ойнайды. Енді келесі ойын 19 маусымда сырт алаңда топтың фавориті Бельгияға қарсы өтеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button