Мәдениет

Қос ақынмен кездесті

Нұр-Сұлтан қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында ұлттық құндылықтарды жаңғырту, ел руханиятын көтерген тұлғалардың тағылымды шығармашылығымен таныстыру және Балалар жылына орай балаларға арналған әдебиеттерді насихаттау мақсатында жас ақындар – Олжас Қасым және Айдын Байыспен шығармашылық кездесу кеші өтті.

[smartslider3 slider=2657]

Жақында елорда әкімдігінің қолдауымен «Нұр-Сұлтан кітапханасы» сериясымен отыз томдық жарық көрді. Олардың арасында Олжас Қасымның «Жан райы» мен Айдын Байыстың «Құланиек» атты жыр жинақтары да бар. Қос ақынмен жүздесуге Жамбыл Жабаев атындағы №4 және Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиялардың оқушылары қатысты. Жаңа кітаптармен танысқан олар ақындар өлеңдеріне сурет салып, өз туындыларына ат қойды. Ақындар оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, қолтаңба жазып берді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button