Жаңалықтар

ҚОС БАЛАНЫ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

Астана қаласы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері мұз астына кеткен қос баланы құтқарып қалды.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 13 наурыз күні «Алатау» спорт кешенінен қайтып келе жатқан бесінші сыныптың екі оқушысы үйлеріне тез жету үшін Ақбұлақ өзенін кесіп өтпек болады.  Алайда, мұз жарылып, балалар су астына кеткен. Дәл осы сәтте спорт кешеніне бағыт алған Астана қаласының Ішкі істер департаментінің екі қызметкері М.Бейісов пен Д.Мұса-Намаз балаларды бірден байқап, оларды  ажал аузынан алып қалады. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, балалар ауруханаға жеткізілген.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button