Жаңалықтар

Қос ішектің қуаты

«Астана Опера» театрында домбырашы, дирижер әрі ұстаз, Қазақстанның Халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері Рысбай Ғабдиевтің 85 жылдық мерейтойына орай 12 қазан күні «Қос ішектің қуаты» атты концерт өтеді. Сондай-ақ осы айда К.Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасында ересектер мен кішкентайларға арналған концерттер мен спектакльдердің сан алуан бағдарламасы ұсынылады.

Бүкіл қазақ елі құрмет тұтқан атақты домбырашы Рысбай Ғабдиевтің өнеріне Түркия, Франция, Ресей, Катар елдері зор қошемет білдірді. Орындаушылық еңбек жолын дирижерліктен бастаған ол кейін халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі атанды. Ұстаздық жолда талай саңлақтарды баулыған профессорды еске алу концертіне танымал қазақстандық музыканттар, маэстроның әріптестері, шәкірттері мен ізбасарлары қатысады.
Сондай-ақ 14 қазан сағат 18.00-де елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына ХХ ғасырдың ең ірі композиторларының бірі Дмитрий Шостаковичтің 115 жылдығына орай «Камералық музыка кеші» ұсынылады. «FORTE TRIO» шақырады» концерті аясында Д.Шостаковичтің Фортепианоға арналған №1 триосы, до минор, ор.8, Фортепианоға арналған №2 триосы, до минор, ор.67 орындалады.
19 және 21 қазан күндері сағат 19.00-де «Piccolo» театры» жобасы аясында Г.Доницеттидің «Дон Паскуале» комедиялық операсы орындалмақ. А.Анеллидің «Сэр Марк Антонио» либреттосының желісімен, либретто авторы – Дж.Руффини. Бүгінгі таңда таусылмас өткірлігімен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін «Дон П-аскуале» драма-буффасы ең танымал жиырма италиялық операның құрамына енеді және жыл сайын әлемнің 150- ден астам театрында сахналанады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button