Жаңалықтар

Қос кітаптың тұсауы кесілді

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханасының «ТƏЖ» əдеби-интеллектуалдық клубының мұрындық болуымен ақын, журналист Ырысбек Дəбейдің «Əкелеріміз айтатын əңгіме» эсселер жинағы мен «Шық тұнған жолдар» атты поэзиялық кітабының тұсаукесері өтті.

Бала жасынан қазақы қасиет сіңген ортада қара сөздің құ­на­рына қанып өскен қаламгердің сыршыл жүрегінен туған шынайы шығармалары кім-кімді де бейжай қалдырмайды. Талай соқпақты көрген өз әкесінің ша­па­нының етегіне оралып, данагөй қариялардың таңды-таңға ұрып ай­тар ескі әңгімелерін құныға тыңдап, жадына түйген жеткіншектің есейгенде соның барлығын ақ қағазға таңғы шықтай мөлдіретіп түсіре білгенінің өзі – алдыңғы буын алдындағы перзенттік па­рызға деген адал­дығы деп түйдік.
Белгілі қаламгер Жұмабай Шаш­­тайұлы: «Ырысбек Дә­бей­дің жазу мәнерінің нақы­шында ұлттық бояу мол. Баяндау әдісінде автор әстінде үстемдік етпестен кішік қалпын сақтайды. Әңгімелеуші еленбей қалтарыста тұрса да айнала құбылысты қапысыз бағып, айнытпай жеткізуші міндетін мінсіз атқарды» деп эсселер жинағының алғы сөзінде жазған. Осы сөз – сөз.
Дүниеден ерте озған жазушы Жақсылық Түменбаев «Әде­биетке келген әрбір таланат жас келіндей именіп тұру керек» де­ген екен. Осы әдепті ізет Ырысбектің қазақ қоңыр болмысында сақталған. Айтулы шараға қатысқан көпшіліктің дені осы ойға тоқтасып жатты.
Шығармашылық кешке әде­биет­танушылар мен жас ақындар қатысып, автордың жаңа кітабы жайында өз пікірлерін білдірді.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button