ЖаңалықтарҚала мен Сала

Қос мерекені бойына сыйдырған

Есіл ауданында жаңа мурал орнатылды. Онда «Мәңгілік ел» идеясы бейнеленген, сондай-ақ Қазақ радиосының ғасырлық тарихы эволюциясымен ұштасқан.

« Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында биыл бірқатар қоғамдық-мәдени шаралар өтті. Мысалы, Нұр-Сұлтанда радионың редакциясы жанындағы көшелердің бірін «Қазақ радиосы» деп атады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында 1 қазан – радио қызметкерлері күнін атап өтуге бастама көтерді. Дәл осы күні осыдан 100 жыл бұрын Қазақ радиосы өзінің хабар таратуын бастады. Ардагерлер мен радио қызметкерлері бұған өте қуанышты. Муралдың өзі қаланың көрнекті жерінде, Сауран мен Сығанақ көшелерінің қиылысында орналасқан. Қала әкімдігіне, Есіл ауданының әкімдігіне және қалалық урбанистика орталығына зор алғысымды білдіргім келеді. Бұл жер радио әуесқойлары мен қала тұрғындары үшін тағы бір тартылыс нүктесі болады деп үміттенемін» деді «Қазақ радиолары» ЖШС бас редакторы, «Қазақ радиосының» директоры Дулат Әбибуллаев.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button