Жаңалықтар

ҚОС МЕРЕКЕНІҢ ҚУАНЫШЫ

ERA_7755

Астана қаласы әкімдігі мен елордалық полиция қызметкерлері кәсіби мерекелерін бірлесе атап өтті.

Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда Қазақстан полициясы күніне және Мемлекеттік қызмет­шілер күніне орай ұйымдас­ты­рылған мерекелік шара «Отбасы­лық старттар» сайыс-тарымен бас­талды. Бірінші жарыста ІІД қыз­мет­керлерінің отбасы топ жарса, кедергімен жүгіруден әкімдік аппаратынан қосылған отбасы мәре сызығын бірінші болып кесті. Көңілді әрі тартысты өткен сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сыйлықтар берілсе, ата-аналарымен бірге жүгірген балаларға ойындар үлестірілді.
Осы шараның барысында ұйымдастырылған футбол матчы көпшіліктің көңілін көтерді. Жасыл алаңда өнер көрсеткен Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы мен Астана қаласы ІІД қызметкерлері командалары арасында ойын 2:2 есебімен аяқталды.
Сонымен қатар шара барысында полицейлер қызметтік иттермен, арнаулы бөлімше жауынгерлері көрсетілімдік қойылымдар ұсынды. Спорт мектептерінің тәрбие­лену­шілері де өз өнерлерін ортаға салды.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button