Жаңалықтар

ҚОС ӨҢІРДІҢ ТАРТУЫ

kbb_7600

Астанада Павлодар мен Жамбыл облыс­тарының мәдени күндері өтеді. Қос өңірдің ауыл шаруа­шы­лығы жәрмеңкесі әдеттегідей сенбі, жексенбі күндері өтеді.

Жәрмеңкеге Жамбыл облысынан жалпы құны 300 млн теңгенің 315 тонна өнімі жетеді. Елорда жұртына сапалы, экологиялық таза және пайдалы өнімнің 30 түрі ұсынылады. Азық-түлік өнімдері базардағы баға­дан 8-15% төмен сатылады. Жәрмеңке қалалық әкімдік алдындағы алаңда өтеді. «Қазақстанда жа­салған» акция аясында ауыл шаруашылық және өндірістік көрме ұйым­дастырылады.

Бұған қоса, павло­дар­лықтардың да базар­лығы келеді. 24 және 25 қыр­күйекте «Ханшатыр» сауда, ойын-сауық орта­лығының жанында өтетін жәрмеңкеде 100-ден аса кәсіпкер өз тауарын ұсы­нады. Жәрмеңкеде 90 тонна ет және ет өнімдері, 300 тонна картоп, 140 тонна көкөніс және 150 тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімдері сатылады.

Жамбыл облысы өнерпаздары Бейбітшілік және келісім сарайында көпшілік назарына «Ұлы дала ұлысым» атты концерттік бағдарламасын ұсынады. Сондай-ақ, «Жас­тар» театрында об­лыстық қазақ драма театрының М.Әуезовтің пове­сінің желісі бойынша Н.Оразалиннің «Қилы заман» тарихи драмасы, ал ертесіне «Еңлік-Кебек» трагедиясы қойылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button