Мәдениет
Қос қойылым ұсынады
Конституция күніне орай Астана қаласында Атырау жастар театрының гастролі өтеді. Өнер ұжымы 29, 30 тамыз күндері Музыкалық жас көрермен театры сахнасында қос спектакль ұсынады.
Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры жанынан құрылып, осы жылдың басында ғана бөлек отау болып шығарылған Атырау жастар театры ұсынатын алғашқы қойылым «Жәннат» аталады. Драма жанрындағы спектакль авторы әрі қоюшы режиссері – Мұқанғали Томанов. Бұл қойылым ата-ананың қадірі туралы сыр шертеді. Ал екінші қойылым – биыл туғанына 100 жыл толып жатқан көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» спектаклі. Бұл спектакльдің де қоюшы режиссері – Мұқанғали Томанов.