«Қош келдің, студент!» жобасын қолдайды
Астана қаласының жоғары оқу орындары «Қош келдің, студент!» жобасын қолдайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Атап айтқанда, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, «Астана» медицина университеті, Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, А.Құсайынов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институты, Astana IT University, «Тұран-Астана» Университеті, елорда жастары еліміздің өңірлерінен және ауылдан алғаш рет келген жастарға көмек қолын ұсынуға дайын.
Алматы жастарының бастамасымен басталған студенттер жобасы жаңа қалаға келген студенттерге жатақханаға орналасуға көмектеседі; білім беру бағдарламалары мен оқу ғимараттарымен таныстырады; қолжетімді тамақтану орындарын; қаланың көркем жерлері мен мұражайларын көрсетеді.