Сайлау-2022

Қосымша 59 учаске ашылды

Елордада жаңадан 59 сайлау учаскесі ашылды. Бұл туралы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық барысы туралы өткен жиналыста Астана қаласы сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова мәлімдеді

– Бас қалада 407 сайлау учаскесі бар. Оның 68-і Қазақстанның шетелдегі өкілдіктерінің жанында орналасқан. Астанада халық санының көп болуына байланысты 59 жаңа сайлау учаскесі ашылды. Учаскелерде көп өзгеріс бар. Сондықтан біз халыққа қайта-қайта хабарлап, айтып жатырмыз. Тұрғындар сервистік қызметті пайдаланып, не болмаса 109 call-орталығына телефон шалып, өзінің сайлау учаскесін алдын ала біліп алса деген өтініш білдіріп жатыр­мыз. 20 қарашада учаскеге 768 мыңнан астам сайлаушы келеді деп күтудеміз, – деді Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова.

Сонымен қатар Бақыт Бектемісова тұрғылықты мекенжайы бойынша әлі тіркелмеген астаналықтар да сайлауға қатыса алатынын жеткізді. Ол үшін бір реттік тіркеуден өту керек. Елордадағы 23 сайлау учаскесінде осындай сервис іске қосылған. Қала тұрғындары сол жерде тіркеу туралы өтініш қалдыруға тиіс.

Аталған жиналысқа қала әкімінің орынбасары Есет Байкен, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері, жергілікті атқарушы органдар, сот, прокуратура және кандидаттардың штабтары мен сенімді өкілдері қатысты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button