Қоғам

Қосымша білім беру гранттарын тағайындады

 Ғылым және жоғары білім министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта Қазақстанда берілген білім дипломдары әлемнің неше елінде жұмысқа тұруға жарамды екенін мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Қазақстан Лиссабон Конвенциясын ратификациялады. Бұл конвенцияға қол қойған 55 ел (45 еуропалық ел мен Еуропа Одағына кірмейтін 10 елдің, оның ішінде АҚШ) бір-бірінін оқу нәтижелерін тануға келісті. Аталған құжат Қазақстанда аккредиттелген жоғары оқу орындарында білім алған азаматтарға дипломды нострификациялауға (ресми теңестіруге) мүмкіндік береді және нәтижесінде оларды оқуын жалғастыруға немесе жұмысқа орналасуға пайдалануға мүмкіндік береді», – деп жазылған министрлік мәліметінде.

Сондай-ақ ведомство мамандары Қазақстан бюджетінің көмегінсіз филиалын ашқан шетелдік университеттерді атады. Олар мыналар:

1. Де Монтфорт Қазақстан (инвесторлардың қаржысы)

2. Экономика Университеті (Польша) Шәкәрім университеті базасында (ақылы оқу)

3. Ковентри Университеті (инвесторлардың қаржысы)

4. Лу Бань шеберханалары (Кытай тарабының қаржысы)

5. Жасанды интеллект мектебі (Оңтүстік Корея тарабының қаржысы).

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button