Ел тынысы

Қосымша учаскелер ­ашылды

Астанада сайлау күні қалада тіркеуде жоқ азаматтар дауыс бере алатын 23 учаске іске қосылады.

Сайлаушылардың осы санатына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері көмек көрсететін болады. Мұнда әртүрлі себептермен тіркелмеген адамдар өз құқығын пайдаланып, дауыс бере алады. Осы мақсатта аталған учаскелерде бір күндік тіркеу жүргізіледі.

Ол үшін азаматтардың осы санаты сайлау учаскесіне сайлау күні келіп, сол жерде бір күнге тіркелуі тиіс.

Жалпы Астанада сайлау күні 406 сайлау учаскесі ашылады.

* * *

Астаналықтар өз сайлау учаскесін тағы бір әдіспен анықтай алады. Елорда тұрғындары өз сайлау учаскесі туралы мәліметті Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы алуына болады. Осыған дейін әкімдік елорда тұрғындары өз сайлау учаскесін бірнеше тәсілмен онлайн тексере алатынын хабарлаған болатын:

  1. Веб-қызмет: https://sailau.astana.kz
  2. Telegram-дағы чат-бот: https://t.me/@sailau_astana_bot
  3. iKomek бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефоны бойынша.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button