ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Қояндыға балық жіберілді

Қоянды су қоймасына балық жіберілді. Айдынға күз айларында балық жіберуді «Жас Нұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорнының мамандары жүргізді.

[smartslider3 slider=451]

– Мұндай шара жергілікті биология­лық алуантүрлілікті сақтау, экожүйені жақсарту және спорттық-әуесқой балық аулауды дамыту үшін қолға алынады. Балық жіберу – шаруашылықтарда кезең-кезеңімен жүргізілетін шара. Ол – су айдынындағы балықтың санын жасанды жолмен реттеуге мүмкіндік береді.
Бұл жолы Қоянды су қоймасына «Жас Нұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорнының мамандары Жамбыл балық питомнигінің инкубациялық цехтарынан 90 647 дана  ақ амур, тұқы, мөңке сынды сұрыпты балықты айдынға жіберді, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Жанар Бескемпірова.
Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ұсынымдарына  сай айдынға ақ амур сұрыпты балық көбірек жіберіледі. Олар тез көбею қабілетімен ерекшеленеді. Үлкен ақ амурдың ұзындығы 1 метр 20 сантиметр болса, салмағы 30-32 келіге дейін жетеді. Мамандар ақ амурларды шөптермен қоректендіреді.
Сол секілді айдынға нарықта үлкен сұранысқа ие тұқы балығы да жіберілген. Балықтың бұл түрі тұщы және тұзды суда да өмір сүре алатын қабілетімен ерекшеленеді.
Айдынға балық жіберу процесі сала мамандары мен арнайы комиссия мүшелерінің қатаң бақылауымен жүзеге асырылды.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button