Жаңалықтар

ҚОЗҒАЛЫС СЫЗБАСЫ ӨЗГЕРЕДІ

6 маусымнан бастап елордада Сығанақ көшесін Қабанбай батыр даңғылы қиылысынан бастап М3 көпірге дейін және Шәмші Қалдаяқов көшесін М3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін кеңейтуге байланысты кейбір автобустардың қозғалыс сызбасы өзгереді:

автобус

№4 автобус: Б.Момышұлы даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін, Ж.Нәжімеденов және Ш.Қалдаяқов көшелерімен жүрмейді;

№14 автобус: Б.Момышұлы даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін, Қ.Аманжолов көшесін айналып өтеді;

№21 автобус: Д.Қонаев көшесінен Р.Қошқарбаев даңғылымен Байтұрсынов көшесіне дейін, Ш.Қалдаяқов көшесімен жүрмейді;

№32 автобус: Орынбор көшесімен, Қошқарбаев даңғылымен және Байтұрсынов көшесімен Достық көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін, Нәжімеденов және Қалдаяқов көшелерімен жүрмейді;

№51 автобус: Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор көшесіне дейін, Сығанақ және Сауран көшелерімен жүрмейді;

№52 автобус: Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор көшесіне дейін, Сығанақ көшесіне кірмейді;

№55 автобус: Тұран даңғылынан Сарайшық көшесімен жүреді, Сығанақ, Түркістан, Достық және Орынбор көшелеріне кірмейді.

Айта кетейік, қалалық жолаушылар көлігінің бұрынғы қозғалыс сызбасы Астана қаласының көше-жол желісінде жөндеу жұмыстарының аяқталуына қарай қалпына келтіріледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button