ДенсаулықЖаңалықтарҚала тіршілігі

QR білезіктер – қанатқақты жоба

Astana Innovations «Digital innovation and transformation» ЖШС Алматы ауданының әкімдігімен бірлесіп, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін QR білезіктер бойынша қанатқақты жобаны іске қосады.

[smartslider3 slider=404]

QR білезіктер – денсаулық жағдайы бойынша есепте тұрған адамдарға арналған көмек құрылғысы. Бұл білезік алғашқы медициналық көмек көрсету үшін пациент туралы ақпаратты жедел ұсынуға арналған.
Егер адам есінен танып қалса немесе басқа да қиын жағдайларда Smart Astana қосымшасы арқылы білезіктегі QR-кодты сканерлеу қажет. Онда Damumed жүйесінен пациент туралы толық ақпарат шығады және сенімді тұлғаға геолокацияны көрсете отырып, жағдай туралы SMS-хабарлама жіберіледі.
Жобаны іске асыру үшін Astana Innovations және Нұр-Сұлтан қаласының №15 қалалық емханасының өкілдері кездесу өткізіп, осы медициналық мекеменің алаңында сервис пен пилоттау мүмкіндіктерін талқылады.
Қазір №15 қалалық емханаға 140 дана QR білезік берілді. Өнімді осы емхананың дәрігерлері сынақтан өткізеді. Содан кейін пациенттерге пайдалану үшін береді.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button