Мәдениет

Ұлттық музейде «Ғұндардың Аландармен шайқасы» туындысының тұсаукесері өтті

D4S_6210

Шара «Ұлы Дала Елі әлемдік өнерде» жобасы аясында ұйымдастырылды. Картинаның авторы – 1805-1880 жылдары өмір сүрген аустриялық суретші Питер Иохан Непомук Гайгер.

Көпшілікке Аустрия тарихын бейнелеуші ретінде танымал суретші Вена көркемөнер академиясын бітірген. Оның қылқаламына әртүрлі тарихи шығармалар арқау болған. Майлы бояумен сурет салу шебері Иоганн Вольфганг Гёте, Фридрих Шиллер мен Уильям Шекс­пир сынды классиктердің туындыларына иллюстрациялар да жасаған.
1850 жылы Шығыс елдеріне жасаған сапарынан оралған суретші сол елдердің тұрмыс-тіршілігінен, салт-дәстүрінен алған әсері негізінде еуропалық көрермендерге беймәлім шы­­­ғыс әлемін таныстыратын шығармалар топтамасын дү­ниеге әкелді. Сөйтіп, 1873 жылы ол «Ғұндардың аландармен шайқасы» атты гра­фикалық картинасын дайын­­дайды. Музейге осы карти­наның үлкейтілген кө­шір­месі қойылды.
Көркем туындының сюжеті ғұндар мен аландардың ара­сындағы тарихи шайқасқа негізделеді. Суретте екі жауын­гер халықтың кескілескен соғы­сы бейнеленген. Автор алапат ұрыстың рухын экспрессия мен динамикаға толы сызықтар арқылы суреттеген.
Сондай-ақ, музей экспози­циясынан қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресінің маңызды кезін бей­нелейтін «Аңырақай шай­қасы» атты туынды да орын алған.

Мәдина Жақып

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button