Мәдениет

ҚУАНДЫҚТЫ КУЗБАСС ТА ҚҰРМЕТТЕЙДІ

1367426937_-kz

Қазаққа тән тектілікті танытып келе жатқан, жас та болса танымал актер Қуандық Қыстақбаев Ресей Федерациясының Кемеров облысы тағайындаған «Орден за почета Кузбасса» төсбелгісімен марапатталды.

Қыстақбаев – қалың қазақ ара­сынан суырылып шығып, атал­мыш марапатқа қол жеткізіп отыр­ған тұңғыш тұлға. Бұл жетіс­тікке актер өзінің партизан-жазу­шысы, Халық қаһарманы һәм Ұлы Отан соғысының батыры жайында 4 бөлімнен тұратын «Қасым» фильмінде ойнағаны үшін қол жеткізіп отыр.

Түр-тұлғасы келіскен, өне­рін шеберлікпен шыңдаған актер­ді губерния тарапынан марапат­тауға Кемеров облысының гу­бер­на­торы Аман Төлеевтің өзі мұрындық болыпты.

Қазақ әртісіне төсбелгіні та­быс­тап, өнердегі жетістігімен құт­тықтау үшін Кемеровтен арнайы делегация келді.

Сөйтіп, кеше Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық ака­де­миялық драма театрында ке­зекті қойылым – Думан Рама­занның пьесасы бойынша сах­на­ланған «Абылай ханның ар­маны» спек­таклі­нен кейін Қ.Қыс­тақбаевқа «Орден за почета Кузбасса» төс­белгісі табысталды.

Осы қойылымда Қыстақбаев Абылайдың рөлін сомдаған еді.

СҮБЕЛІ СӨЗ

Қуандық ҚЫСТАҚБАЕВ, актер:

– Расында да, бұл марапат Қазақстаннан алғаш рет маған беріліп отыр. «Қасым» фильмінде нар тұлғамызды сомдағаным үшін тағайындалған. Мен не дерімді білмей отырмын. Әрине, қуанышты екенімді жасыра алмаймын. Бұл төсбелгі Ресейдің бір облысының тағайындаған марапаты ғой дейін десем, «халықаралық» мәртебесі бар екен. Одан да маңыздысы, өзге елде оза шауып, ел басқарып жүрген ағамыз Аман Төлеев қол қойып беріп отыр. Сондықтан, бұл марапаттың мен үшін маңызы зор.

Нәзира БАЙЫРБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button