ЖаңалықтарҚала мен Сала

ҚУАТ КӨЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

52935de5

Астанада «Болашақ энергиясы: адамзаттың басты мәселесін шешу жолдары» тақырыбында ғылыми конференция өтті. Алқалы бас қосуда Қазақстанның энергетика салаларының қазіргі жағдайы мен елімізде энергияның балама көздерін дамыту келешектері туралы сан алуан ой-пікірлер айтылды.

Конференцияға техникалық жоғары оқу орындарының сту­дент­тері, Назарбаев зияткерлік мек­тептерінің оқушылары, энергетика саласындағы жетекші сарапшылар қатысты.

Қазақстандық энергия үнемдеу мен энергия тиімділігі ғылыми-зерттеу институтының директоры Е.Бүксікбаев жаңартылатын қуат көздерінің даму көкжиектері жөнінде әңгіме өрбітті.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақ­станда жел энергиясы мен шағын су электр стансасынан алынатын энергияны дамытудың болашағы зор.  Сонымен қатар, теория жүзінде ірі СЭС-тен 5 млрд кВт/сағ энергия алуға болады.

Жалпы, конференцияға қатысу­шылар қазір әлемде дәстүрлі энергия­ны дамыту жағдайында Қазақстанда жаңартылмалы көздерден энергия алуды дамыту қарқынын арттыру кезек күттірмейтін мәселе деген тоқтамға келді.

Жұма ҒАЗИЕВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button