Қала мен СалаҚала тіршілігі

Құбыр ауыстырылды

«Elorda Eco System» кәсіпорны қаладағы коллек­торлар мен шайынды су ағатын жүйелердің техникалық жағдайын үнемі бақылауында ұстайды. Жауын-шашынды күндері кәсіпорынның апаттық қайта қалпына келтіру жұмыстары бригадасының слесарьлары мен операторлары қала аумағында су шаруашылығы нысандарына тәулік бойы рейд жүргізіп тұрады.

[smartslider3 slider=760]

Бірер күн бұрын дәл осындай рейд жұмыстары кезінде мамандар Байқоңыр ауданының Сырдария көшесіндегі шайынды су құбырынан ақау шыққанын байқайды. Оқиға орнына жедел жеткен апаттық қайта қалпына келтіру жұмыстары бригадасының мамандары істен шыққан құбырды өлшемі 150 миллиметрлік құбырға ауыстырды.

– Мамандар құбырдың жарылғанын анықтады. Салдарынан шайынды су көшенің бойына жайылған. Бригада қызметкерлері аз уақыт ішінде жарылған құбырды жаңасына ауыстырып, су жүйесін коллекторға қосты, – дейді Байқоңыр ауданы бойынша апаттық қалпына келтіру жұмыстарының шебері Қуандық Нұрахметов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button