31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Қуғын-сүргін құрбандарына тағзым

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні елордадағы «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының рухына тағзым» монументіне жиналған қауым құрбандардың рухына тағзым етті.

[smartslider3 slider=3130]

Монумент маңына жи­­­налған қауым саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Содан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, қалалық мәслихаттың, қоғамдық ұйым­дардың өкілдерімен бірге нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары, Ауған соғысының ардагерлері және барша қатысушылар атынан құрбандар монументіне гүл шоқтары қойылды.

Митингке қатысушылар арасында Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымының докторы, профессор Бүркіт Аяған да болды.

– Бүгінгі күн, яғни 31 мамыр біз үшін айрықша мәнге ие. Бұл – нәубет құрбандарын еске алатын азалы күн. Сол бір жылдардағы зобалаң халқымыздың жанына жазылмас жара салды. Саяси репрессия мен қолдан жасалған ашаршылық салдарынан кем дегенде 1,5-2 млн адам қаза тапты. Сондықтан тәуелсіз Қазақстан осы болған зұлматты ұмытпауы керек, – деді Бүркіт Аяған.

Запастағы подполковник Феликс Дульский болса, зұлмат жылдарда ата-анасы мен туғандарына қорған болған қазақ халқына алғысын жеткізді.

– Бүгінде поляктар, неміс­тер, басқа да ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Бірақ, кезінде болған қиындықтарды естен шығармауымыз керек. Ата-бабамыздың басына түскен сол бір қиын күндерді, тек қазақ халқының қамқорлығы мен қонақжайлылығы арқасында аман өткергеніміз туралы ұрпақтарымыздың есіне салып отырамыз. Қазақтың кеңпейіл халқы, кең жазық дархан даласы болмаса, тағдырымыз қандай болатынын елестету қиын. Сондықтан зұлмат жылдар қайталанбаса екен, – деді Ф.Дульский.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Пікір үстеу

Back to top button