Жаңалықтар

Құлай білу де – өнер

Мектепте денешынықтыру пәнінің мұғалімі Айтман деген жігіт балаларға қазақ күресін үйретіп жатады. Олардың қимылына көңілі толмай, біреуін шақырып алып: «Сен барып, Ерлан ағайыңды ертіп кел! Сосын, оны қалай жыққанымды жаттап алатын болыңдар!..» деген ғой.

Ерлан да сол пән бойынша оқушыларды жаттықтырып жүрген спортшы жігіт. Келеді. Айтманды алып ұрады. Сонда, «ұялған тек тұрмастың» кебін киген Айтекең: «Дұрыстап қарап алыңдар-ей, боқмұрындар! Құлағанда, осылай түсу керек!» депті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button