Қала тіршілігі

«ҚҰЛПЫРҒАН КӨКТЕМГЕ» ҚҰШТАРЛЫҚ

[wppa type=»slideonly» album=»43″ size=»auto»][/wppa]

Назарбаев орталығында «Құлпырған көктем» атты елордалық әйел суретшілердің көрмесі ашылды.  Іс-шара 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне арналып отыр.

Көрменің ашылуында «Назарбаев орталығы» ММ директорының ғылыми-гуманитарлық жұмыс жөніндегі орынбасары, суретші Лейла Махат сөз сөйледі: «Бүгінгі көрмені сіз бен біз жай ғана тамашалап қоймаймыз. Біріншіден, барлық туындылардың авторлары осында. Екіншіден, Суретшілер одағынан әріптестері мен достары да келіп құрбыларына қолдау танытуда. Үшіншіден, іс-шараға жастар көп жиналған. Жастардың өнерге қызығушылық танытуы, үлгі алуы маңызды деп ойлаймын», – деген ол жиналғандарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Көрмеге Халық суретшілері Гүлфайрус Исмаилованың «Актрисаның портреті», Айша Ғалымбаеваның «Бауырсақтар натюрморты» тәрізді танымал туындылары қойылған. Сондай-ақ, көрермен қауым А.Алпысбаева, Р.Ахметжанова, Л.Дирксен, А.Есімова, Л.Жанпейісова, Б.Зәуірбекова, С.Қаржаубаева, Н.Лигай, Н.Қиқымова, В.Слабоспицкая, А.Көлке, Т.Мажитова, М.Мырзабекова, Г.Тәтібаева, Г.Телғозиева, Н.Терещенко, А.Сүлеева сынды тағы 17 суретшінің кенепке жан бітірген, терең қиялынан туған ғажайып әлемімен таныса алады. Суреттерде нәзіктікпен қатар, күрделі тіпті, кей сәттері түсінікті бола бермейтін жүрегі сырға толы эмоциялар ұшырасады.

Әйел затының сұлулығы суретші аруларымыздың қылқаламынан шыққан картиналарда айқын көрінген.

Еркежан СӘТІМБЕК

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button