Тәуелсіздікке 30 жыл

Құнды кітап

Биыл Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толып отыр. Осыған орай «Атамұра» баспасынан белгілі жазушы Қайым-Мұнар Табеевтің Қайрат Рысқұлбеков, Жамбылбек Тайжұмаев, Түгелбай Тәшенов, Қайыргелді Күзембаев, Ертай Көпесбаев және басқа желтоқсандықтар туралы баяндалатын «Қарағайдың қарсы бұтағы» атты кітабы жарыққа шықты.

[smartslider3 slider=1512]

Құнды кітаптың оқырманның қолына тиюіне ұлт руханиятының шын жанашыры, «Атамұра» баспасының директоры Рақымғали ­Құл-­Мұхаммед бірден-бір себепші болған.

«Жаз бойы уақытымды екі кітап жазуға арнадым. Соның бірі осы – «Қарағайдың қарсы бұтағы». Бұл кітаптың оқырманға жету жолы өте ауырлау болды! Алғашқы дүниелерім 1989-90 жылдары коммунис­тік режимнің қылышынан қан тамып тұрған кезеңде, «ұлтшылдар» мен «нашақорлар», «маскүнемдер» таңбасы әлі арылмаған, желтоқсандық жастардың атын атаудың өзі қорқынышты заманда жазылғаны оқырмандардың есінде болар. Біразы әдеби газетте, үзінділері бірнеше тәуелсіз басылымдарда жарық көрді. Жарық көрмегені қаншама?! Өзім де сол Желтоқсан тақырыбын қазбалаймын деп, ҰҚК тарапынан көресіні көрдім! Прокуратура арқылы қылмыстық іс қозғатып, біраз уақыт сергелдеңге де салды! Әйтеуір, деректерді қылдан май суырғандай тірнектеп жинай жүріп, жазып бітірдім-ау. Кітапта бұл туралы кеңінен айтылады деп жазды Қайым-Мұнар Табеев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button