ЖаңалықтарЭкономика

ҚҰНДЫ ҚАҒАЗ – ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ

ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің басқарма бастығы Сержан Әлібаев бұл бағдарламаның тиімділігі мен ұтымдылығы туралы кеңінен ха­бар берді. «Егер кез келген адам тәуекелге бел буып, еліміздің ірі компанияларының акцияларына иелік еткісі келсе, онда ол өзінің қаржылық сауатын көтеруі тиіс. Акцияның пайдасы мен келешекте әкелер кірісі туралы біліп отыру үшін сол компанияның сайтынан, басқа да ақпарат көздерінен оның ахуалы жайында үнемі құлағдар болып жүрген жөн», – деді ол өзінің сөзінде.

Еліміздегі көптеген ұлттық компаниялардың акциялары кезең-кезеңімен ашық сатылымға шығып, оларды халықтың қажетіне жаратуға негіздеген аталмыш бағдарлама бойынша кез келген ел азаматы оны сатып алатыны айты­лып келеді. Көптеген ақпараттық хабарламалар мен аудио-бейне баяндар түсіріліп, жарнамалық қауқар толығымен үдеден шығып отырғандығын «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ақпараттық-сараптамалық департаментінің директо­ры Марат Әубәкіров атап өтті. «Халықтық IPO бағдарламасы бойынша қолындағы қаражатын еппен жұмсағысы келетін азамат­тар қаржы нарығына сараптама жасауы тиіс. Осы жөнінде ол са­тып алған акциясын кері сатуына болады. Мемлекеттік қызметтегі адамдар да акция иемденуге толық құқылы. Елбасы өзі бастап, ел игілігін халықтың өзінің пайда көзіне айналдыруын тапсырған бұл жоба Ресейдің мысалындай тоқырауға ұшырамайтындығын мамандар дәйекті дәлелдермен ұштастырды. Қазан айынан бастап «ҚазТрансойл» компаниясының акциялары саудаға шығады. Соған иелік еткісі келетін азаматтар қапы қалмай, әзірден бастап қамданғаны абзал.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button