Жаңалықтар

«ҚҰНДЫ ТАРТУ» КІТАП ҚОРЫН МОЛАЙТУДА

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Құнды тарту» кітап сыйлау акциясы басталды. Рухани орданың он жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған игі шара жыл бойына жалғаспақ.

Еліміздегі бас кітапхананың қорын байыту, жұртшылықты, әсіресе, жастарды кітап оқуға үндеу мақсатындағы шара аясында кешегі күнге дейін әртүрлі ұйымдардан мыңға тарта кітап сыйға тартылған. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан жас кәсіпкерлер ассоциациясы, шетелдердің елшіліктері мен Түркі академиясы тарапынан тарту етілген дүниелер атап айтуға тұрарлық.

Жазушы Әлібек Асқаров та өзі басқарып отырған кітапхананың сөресіне өзінің бірнеше кітабын қойды. Акция шеңберінде сыйланған әрбір басылым кітапхана үшін маңызды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button