Жаңалықтар

Құнды тарту табыстады

Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалында қазақтың мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханға арналған «Әлихан әлемі» атты әдеби конференция өтті. Іс-шараны ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы жүргізді.

[smartslider3 slider=1402]

Тағылымдық кешке алаштанушы ғалымдар Сұлтанхан Аққұлы, Заңғар Кәрімхан қаламгерлер Өтен Ахмет, Қайырбек Сәдуақасов, Берік Садыр, Жанат Елшібек, Бақытбек Қадыр, Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы директорының орынбасары Олжас Қасым, дәстүрлі әнші Сырым Мұхамеджанов, айтыскер ақын Еркебұлан Қайназар, ақындар Мирас Асан, Ерлан Жүніс, Рауан Қабидолда, Арман Шеризат қатысты. Конференция барысында алаш­­танушы ғалым Сұлтанхан Аққұлы «Жазушылар үйіне» Әлихан Бөкей­ханның 15 томдығын тарту етті.

Баян АСЫЛБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button